Солтүстікқазақстандық 11-сынып оқушысы Тоғжан Ахметова BUCA IMSEF халықаралық ғылыми жетістіктер байқауында топ жарып, 1-орынды иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аталған сайысқа 124 мемлекеттен 160-тан астам жоба ұсынылған. Онлайн өткізілген жарыста петропавлдық жасөспірім «Косметикалық композициялар мен дәрі-дәрмектер жасау үшін ағаш қалдықтарын пайдалану» жобасында топ жарып, алтын медаль иеленді. Яғни ол қайың ағашының қабығымен түйе-жапырақтан битулин қышқылын бөліп, оларды түрлі кремдермен майларға және қыз-келіншектерге арналған ұнтақтар қосуға болатынын дәлелдеген. Ал одан жасалынған өнімдердің барлығы экологиялық тұрғыдан таза, әрі емдік қасиеті жоғары болады.
Тоғжан Ахметова, байқау жеңімпазы:
– Байқау онлайн форматында өтті. Мен химия бағыты бойынша өз жобамды ағылшын тілінде сәтті қорғадым. Енді осы сынды сайыстарға жиі қатысып тұрсам деймін. Себебі мен болашақта дәрігер болуды армандаймын.
Comentarios