top of page
Поиск

Президент тапсырмасы: 15 өңірлік университет дамытылады


Қазақстан колледждеріне академиялық дербестік беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріп, оқыту мерзімдерін қысқартып, білім сапасын арттырады, еңбек нарығына жылдам шығаруды қамтамасыз етеді», - деді Асхат Аймағамбетов.


Оның атап өтуінше, жоғары білім жүйесінде биылдан бастап аймақ тірегі жобасы іске асырыла бастайды. Нақты критерийлер бойынша 15 өңірлік жоғары оқу орны іріктеледі.


«Осы университеттерді дамыту үшін нысаналы қаржы бөліп, жаңа зертханалар мен білім бағдарламалары ашылып, білім беру сапасын көтереміз», - деді министр.


Автор: Марлан Жиембай


#Білім #ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі


Comments


bottom of page