Ресейде білім алатын қазақстандық студенттер қашықтықтан оқи алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР СІМ баспасөз қызметі Қазақстанның Мәскеудегі дипломаттарының Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ресейдің Оқу-ағарту министрлігінің, ресейлік жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен өткізген келіссөздерінің қорытындысын жариялады.
«Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды» делінген хабарламада.
Comments