top of page
Поиск

Түркістанда Балаларды оңалту орталығы ашылды


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан ашылған сауықтыру орталығының тұсауын кесіп, Елбасының дарынды жастарды анықтау және қолдау бойынша «Ел үміті» бастамасының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Елбасы медалі» бойынша бес бағытта көш бастаған Сарыағаш ауданының оқушысы Марғұлан Әділбек, «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жүлдегері, Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Өтелбай Дәуірхан, Шымкент қаласындағы ер балаларға арналған лицей - интернатының оқушысы Шерхан Жамбеков арнайы медальдарға ие болды.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Қамқорлық» оңалту орталығы Түркістан облыстық балалар ауруханасының тұсынан ашылды. АҚШ, Италия, Германия, Австрия және Ресей мемлекеттерінен әкелінген 100-ге жуық жаңа құрал-жабдықпен қамтылған.


Орталық Түркістан облысы мен Шымкент қаласының балаларын қабылдайды. Мұндағы тиімді емдеу тәсілінің бірі - ғарышкерлерге арналған сенсорлы киім. Сауықтыру орталығында «Тіркеуге арналған аудиометриялық модуль» орнатылған. Өңірдегі алғашқы құрылғының көмегімен жаңа туған нәрестелерден бастап, гиперкинетикалық сал ауруы және аутизммен ауыратын науқастарды зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бейне-электроэнцефалография кабинеті жұмыс істейтін болады. Бұл ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін таптырмайтын мүмкіндік. Жалпы 500 шаршы метрді қамтитын орталықта механотерапияға арналған жабдықтар, иппотерапияға арналған s-rider Sky тренажері, «Атлант» нейро-ортопедиялық пневмокостюмі, «Мультистенедер Дженкс» тренажері, жүруге және аяқ-қолдарға арналған тренажер, позициялық жүйелер, монтессори дамытушы тренажерлар жиынтығы мен қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойын терапиясы жиынтықтарымен жасақталған.


Орталықта білікті мамандар соңғы емдік әдістерді пайдалана отырып нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіп, сауықтыру шараларын жүргізеді. 17 маман, оның ішінде реабилитолог, физиотерапевт, 5 ЛФК нұсқаушысы, неонатолог, невролог, логопед, дефектолог, психолог дәрігерлері жұмыс істейді. Мамандардың барлығы арнайы даярлықтан өткен. Оңалту курсы 21 күнді құрайды.


Мұнда жылына 360 баланы сауықтыру жоспарлануда. Ерте даму орталығындағы кешенді емі мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және ақыл, дене жағынан дамып жетілуін қалыптастыруға септігін тигізеді. Атап айтқанда, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.


Автор: Айнұр Ақбаева



© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page