top of page
Поиск

Қазақстанда Кореяның қатысуымен анимация мектебі ашылады


Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның анимация саласы өкілдері ынтымақтастық туралы келісімге келді.


Жақында еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Оңүстік Кореяның комикстерді дамыту жөніндегі агенттігі арасында онлайн конференция өтті. Тараптар Қазақстанда мүгедек балаларға арналған анимация мектебін құру мәселесін талқылады. Мұнда 14 пен 16 жас аралығындағы 30 жеткіншек оқиды. Балаларға тегін планшет таратылып, аптасына 3-4 рет анимация жасау үйретіледі. Тараптар сондай-ақ кездесу кезінде анимациялық фестивальдар өткізу туралы да уағдаласты. Оңтүстік Кореяның анимацияны дамыту агенттігінің тура осындай жобасы бар. 2019 жылы мүгедек балаларға арналған академия құрылған.


Ләззат Сүйіндік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитетінің төрайымы:

- Балаларды оқыту үшін қазақстандық мамандарды таңдап алдық. Кореялық әріптестер осы мамандарымызды оқытса дейміз, ал мектебіміз тұрақты түрде жұмыс істейді деп үміттенеміз. Және қазіргідей семинарлар әр тоқсан сайын кем дегенде 1 рет өткізіліп отырса деген ойдамыз.


Шин Джон Чоль, Оңтүстік Корея комикстерді дамыту жөніндегі агенттіктің президенті:

- Бұл Қазақстанмен тәжірибе алмасудағы маңызды қадам. Бірнеше жыл бұрын біз мүгедек балаларды оқыту бойынша жоба құрдық. Анимация мен комикстер арқылы балалар өздернің арман-тілектерін білдіре алады.



© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page