top of page
Поиск

Қазақстандық ғалымдар радиацияға қарсы әлемдегі алғашқы препаратты ойлап тапты


Қазақстандық дәрігер ғалымдар әдетте қан тоқтату үшін қолданылатын «аминкапрон қышқылы» препаратының адам ағзасын радиациядан тиімді қорғай алатынын анықтады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасының» сюжетінде айтылды.


Тәжірибелер зертханадағы егеуқұйрықтарға жүргізілді. Бұл кеміргіштердің кезінде Чернобыль немесе Фукусима атом стансаларында болған апаттар кезінде тірі қалғаны айтылады. Оларға әуелі адамзатқа жарты ғасыр уақыт таныс болған аминкапрон қышқылы енгізіліп, одан кейін екі рет иондаушы радиациямен сәулелендірілген. Егеуқұйрықтар қырылмақ түгілі, радиацияның қандай да бір әсерін сезінген жоқ.


«Біз оларға препаратты ұнтақ түрінде бердік. Ол сондай-ақ дәрі түрінде де болады. Бұл ретте биосіңімділігі өте жоғары. Егуді қажет етпейді. Оған қоса, асқазан-ішек жолдарының ішкі тіндерін қорғайды. Ал радиацияның ең танымал әрі қауіпті әсері – аш ішек қызметінің бұзылуы», - деп баяндады Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ҒЗИ-ның директоры Тимур Салиев.


Тәжірибе кезінде аминкапронқышқылының қосымша пайдалы қасиеттері ашылғаны хабарланып отыр. Осылайша, оның еркін радикалдарды бұзып, жастық шақты ұзарту қасиеті бар. Одан жасалған препарат сондай-ақ Альцмейгер ауруының алдын алуға көмектесе алады, бірақ әзірге ғалымдар оның радиациядан қорғау қасиетіне ерекше назар аударып отыр.


Телеарнаның мәліметінше, қазақстандық ғалымдар препаратқа патент алып үлгерген. Енді оны алдын алу шаралары ретінде АЭС қызметкерлері немесе сәулеленуге тап болған адамдар қолдана алады.


Автор: Зарина Туғанбаева



Ақпарат көзі: inform.kz







© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page