top of page
Поиск

ҚР БҒМ: ІV тоқсанда мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ


300-ге дейінгі оқушысы бар мектептер төртінші тоқсанда жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».


Төртінші тоқсанда оқыту форматы өңірлердегі вирус жұқтыру ықтималдығына қарай өзгереді.


Айталық, аурудың таралуы төмен немесе орташа аймақтарда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқиды. Оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Сырқаттанып қалған немесе вирус жұқтырғандармен байланыста болған балалар қашықтан оқи алады. Ал, вирус жұқтыру жағдайы жоғары аймақтарда мектепалды даярлық және бір мен бесінші сынып аралығындағы оқушылар аралас форматта білім алады. Тоғызыншы сыныптан жоғары оқитындар аптаның 6 күнінде аралас форматта білім алады.


Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Ата-аналарға айтқым келетіні, ІV тоқсанда мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне қолайлы, ұқыпты және таза киім киіп, мектепке баруына рұқсат етілген. Қай пәннің қалай өтетінін әр мектеп өз жағдайына қарай іске асырады. Министрлік қай пәндерді қашықтан оқытуға болатыны туралы ұсыным жолдады. Онда музыка, көркем еңбек, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, информатика пәндерін қашықтан оқытуға болатыны көрсетілген. Дене шынықтыру пәні штаттық форматта таза ауада жүргізілуіне рұқсат етілді.


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page