top of page
Поиск

Өзбекстан Қазақстанның 10 ЖОО-ның дипломын нострификациясыз мойындайды


Халықаралық рейтингіге кірген 1000 үздік жоғары оқу орындарының арасындағы Қазақстанның 10 жоғары оқу орнының дипломы Өзбекстанда емтихансыз нострификацияланады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.


Өзбекстандағы мемлекеттік білім сапасын қадағалау инспекциясы дипломдары мойындалатын және арнайы сынақсыз нострификацияланатын шетелдік білім беру мекемелерінің тізімін жариялады.


Жаңа құжатта Times Higher Education, The Academic Ranking of World Universities, Quacquarelli Symonds World University Rankings, және Times Higher Education сияқты әлемдік рейтингілер тарапынан мойындалған алғашқы 1 мың халықаралық білім беру мекемесінің тізіміне енетін жоғары оқу орындары жарияланған.


Аталған рейингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ-Британ техникалық университеті, КИМЭП, ҚарМТУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті сияқты білім ошақтары бар. Мәдибек Жәнібеков.



© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page