top of page
Поиск

Өзбекстанда ЖОО-ларды ірі қалалардың шетіне көшіру жоспарлануда


ӨР Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігі Министрлер кабинетінің 2020-2025 жылдарда ірі қалаларды дамыту жөніндегі шаралар бағдарламасы туралы қаулысының жобасын талқылауға ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.


Онда 2020-2025 жылдардар аралығында ірі қалалардағы қала құрылысының негізгі тұжырымдамалық бағыттары көрсетілген. Сондай-ақ ірі қалалардағы урбанизация процестерін одан әрі қарқындату халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін одан әрі жақсартуға көмектесетіні жайлы айтылған.


Атап айтқанда, «Студенттер қалашығын» қалыптастыру үшін жұмыс істеп тұрған университеттерді ірі қалалардың шетіне көшіру және сол жерде жаңа жоғары оқу орындарын салу бойынша шаралар қабылдау жоспарлануда.


Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін (МБМ) қайта жөндеуден өткізу және халықтың өсу қарқынын ескере отырып, оларды болашақта жаңа МБМ-мен қамту жоспарлануда.



Kommentare


bottom of page